• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Қаңтар, 2022

Бизнесі зардап шеккен 15 кәсіпкерге өтемақы төленді

393 рет
көрсетілді

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 15 шағын және орта бизнес нысанына жалпы сомасы 28 млн теңге өтемақы төленді, деп жазады Egemen.kz.

Оның ішінде 8 кәсіпкер бюджет қаражатынан жалпы сомасы 14 759 099 теңге, 7 кәсіпкер «Жаңа Алатау» қоғамдық қорынан жалпы сомасы 13 332 639 теңге өтемақы алды.

Info Kazakhstan порталының деректеріне сәйкес, 28 қаңтардағы жағдай бойынша залалды қалпына келтіруге 923 өтінім берілді, оның ішінде жұмыс істеу үшін 134 өтінім қабылданды, 17 өтінімді комиссия мақұлдады. Алматыда зардап шеккен бизнес нысандарының саны 1 674 (ірі бизнес – 79, ШОБ – 1595).

Бизнеске келтірілген залалдың жалпы сомасы 72,4 млрд теңге (ірі бизнес – 26,8 млрд теңге, ШОБ – 45,6 млрд теңге).