«Қазақстан халқына» қоры бастамалары онлайн қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес,, «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев «Ұлттық мүдде» тележобасына берген сұхбатында қор мен қоғамдастықтың өзара іс-қимыл тетіктерін жан-жақты тарқата айтып берді.
Оның атап өтуінше, таяу уақытта қордан бірінші болып көмек алатын жобалар мен адамдардың тізімі халыққа жария етілетін болады.
«Бастама пайда болған алаңдар бойынша – халық біздің дұрыс істеп жатқанымызға немесе басқа шешім қабылдау қажеттігімізге қатысты өз ойларын білдірсін. Біз мұндай ұсыныстарға сөзсіз құлақ асатын боламыз», деді Болат Жәмішев.