Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары барысында ел бойынша ғаламторды өшіру себептері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз халықты ақпараттандыру жағынан ұтылдық, мұны мойындау керек. Менің бұйрығымды, әрекеттерімді де ешкім дұрыс түсіндірмеді. Ақпарат жағынан жеңілсек те, сол кезде интернетті өшіру керек болды. Себебі елдегі жағдайды пайдаланып, халық арасында бұрыс ақпарат тарататын адамдар іске көшетін еді. Бұл тек бізде ғана емес, әлемде қолданылатын шара», деді Мемлекет басшысы «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.