Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында ҚР Президенті қызметінде қанша уақыт отыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Президенті қызметінде қанша болатынымды білмеймін, бірақ нақты білетінім Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайды. Заңда, оның үстіне Конституцияда өзгерту болмайды», деді Мемлекет басшысы.