ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Үштөбедегі зиратты қиратқандарды жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді», деп атап өткен Президент өз жазбасында.