Ақтаулық полицейлер қала ішіндегі 160 км/с жылдамдықпен жүйткіген көлік жүргізушісін іздестіруде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісінің «Қалаға 160 керек пе? Міне, қара!» деген сөздер жазылған видео тарап кетті.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, жол ережесін бұзған жүргізушіні тәртіп сақшылары іздеуде.