«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылуы тиіс.
ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ Дерекқорында болу ұйымдарға ҮЕҰ-ның табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Мәліметтер ҮЕҰ өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына сәйкес ұсынылады.
Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірі арқылы ұсына аласыз:
1) ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады);
2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі», 14-кіреберіс).
ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталына кірген кезде Сіз порталмен жұмыс істеу бойынша қадамдық алгоритм берілген нұсқаулықпен таныса аласыз.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақытылы ұсынбау және анық емес немесе жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.