• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2022

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 298,7 млрд теңгеге азайды

675 рет
көрсетілді

2022 жылғы 1 қаңтарда Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13 070,1 млрд теңгені құрап, желтоқсан айын қарағанда 298,7 млрд теңгеге немесе 2,2%-ға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сонымен қатар, 2021 жылдың желтоқсан айында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 16,7 млрд теңгеге, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 912 млрд теңгеге дейін ұлғайды», деп хабарлады Ұлттық банк.

2022 жылғы 1 қаңтарға салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 10,9 млн шотты құрады.

2021 жылдың желтоқсан айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 507,7 млрд теңгеге жетті.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 38,9% және 22,9%) алады.