• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2014

«Нанардың» Наурызға тартуы

311 рет
көрсетілді

Наурыз мерекесі қарсаңында Бұлан­ды ауданы тұрғындарының дастарқан мәзірі түрлене түсті. Өңірге танымал кәсіпкер Норик Варданян басқаратын «Нанар» Агрофирма» ЖШС тағамдық жарма цехын пай­далануға қосты. Он бір түрлі өнім тұтынушыға қолайлы қаптамалармен ұсынылуда. Агрофирманың жеке қаражатына салынған қайта өңдеу кәсіпорнының тәуліктік қуаты 2000 тоннаны құрайды. Егістік алқабын әртараптандыру нәти­же­с­ін­де шикізат қоры да молая түсті. Кәсіп­орынның 60 тонналық сыйым­ды­лықтағы қоймасы жарма өнімдерін жыл бойы үздіксіз дайындауға мүмкіндік береді. Екі технологиялық желімен жұ­мыс істейтін цехта 10 адам тұрақты жұ­мыс­пен қамтылды. Ресей және Ук­раи­наның озық жабдықтары орнатылған кәсіпорынның өнімдері бұл күндері «Нанардың» фирмалық дүкендерінде жоғары сұраныспен сатылуда. Сондай-ақ, кәсіпорын басшысы бұландылық өнімге еліміздің өзге аймақтарынан, тіпті, алыс шетелдерден де қызығушылық барлығын айтады. Мәселен, жуырда Ауғанстаннан тапсырыс келіп түсіпті. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Бұланды ауданы.