• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Ақпан, 2022

Атаулы көмекке 68,5 млрд теңге бө­лінді

260 рет
көрсетілді

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 198,4 мың отбасындағы 990,5 мың адам­ға атаулы әлеуметтік кө­мек (бұдан әрі – АӘК) таға­йын­далды. Осы мақсатқа бюд­жет­тен 68,5 млрд теңге бө­лінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шақ­қан­­дағы орташа табысы өңір­лік ең төменгі күнкөріс дең­гейінің 70%-ы­нан­ төмен азаматтарға тағайын­да­ла­ды.

Бұдан басқа, АӘК көрсе­туд­ің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде елі­міз­дің барлық өңірінде табысы аз отбасы­лардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бо­йын­ша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылғы 1 қаңтарда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 259,4 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеу­меттік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушы­лар­ға ТЖ тәртібі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда, 2022 жылғы I тоқ­санда көмек тағайындау ұзар­­тылды.

Қазіргі уақытта қазақс­тан­дық­тар АӘК тағайын­дауға өтініш­ті тұр­ғы­лықты жері бо­йынша жұмыспен қамту орта­лығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.