Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Qamqor жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарттар үйі тұрғындарының, солардың ішінде 30 мүгедектің және 60 зейнеткердің зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаудың қылмыстық схемасын анықталды.
«Қазпошта» филиалының қатысуымен 5 жыл бойы Қарттар үйінің қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған жәрдемақы мен зейнетақыны өздері иеленген.
Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні пәтерлердің бірінде жедел-iздестiру іс-шарасының нәтижесінде қылмыскерлер 1,3 млн теңге көлеміндегі ұрланған қаражатты өзара бөлісу кезінде қылмыс үстінде ұсталды.
Іс жүзінде бұл ақша ағымдағы жылдың қаңтар айында 25 зейнеткер мен мүгедекке төленетін әлеуметтік төлемдерге арналған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.