• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Ақпан, 2022

«АрселорМиттал Теміртау» зауытында жұмысшы қаза тапты

281 рет
көрсетілді

«АрселорМиттал Теміртау» болат өңдеу департаментіне қарасты агломерация зауытында кен араластыру учаскесінің 46 жастағы жұмысшысы қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Зауыт жұмысшыларының айтуынша, оқиға түнгі ауысымда болған. Ер адам конвейерге қалай түсіп кеткенін арнайы комиссия анықтайды. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі бригадир қаза болғанын растады.

«Болат өңдеу цехының агломерация зауытында оқыс оқиға болғанын хабарлаймыз, салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған бригадирден айырылып қалдық. Арнайы комиссия құрылды, іс жүріп жатыр», деді компания өкілі.

Оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді.

«Қарағанды ​​облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы тергеу аяқталғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланады», делінген хабарламада.