Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясы 2014 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» күн тәртібімен шақырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 18 наурыз. №273
•
19 Наурыз, 2014
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі №273
172 рет
көрсетілді