• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2022

Атырауда бірнеше кәсіпорын жалақы төлей алмай отыр

358 рет
көрсетілді

Атырау облысында үш кәсіпорын жұмысшыларына 21,5 млн теңге қарыз болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл туралы әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысында белгілі болған.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрғалығымен өткен отырысқа жұмыс беруші және жалақы қарызы бар компаниялардың басшылары қатысты.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің айтуынша, өткен жылы 83 кәсіпорын 1 388 қызметкерге 469,3 млн теңге жалақы қарызы болған.

«Осыған байланысты тиісті шаралар қабылданып, 80 кәсіпорында жұмыс істейтін 1 212 қызметкерге төленуі тиіс 447,8 млн теңге жалақы берешегі өтелді. Қазір 3 кәсіпорын 176 қызметкерге 21,5 млн теңге жалақысын төлей алмай отыр. Өткен жылы 45 жұмысшы өндіріс кезінде әр түрлі дене жарақатын алды», деді Игілік Әубәкіров.

Комиссия отырысында өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

«Барлық кәсіпорын, мердігер, қосалқы мердігер компаниялардың басшылары жалақы қарызы қалыптасуына жол бермеуі қажет. Мұндай заң бұзушылықтарды болдырмауды бақылауда ұстауды тапсырамын», деді әкім.