• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2022

Қаржы пирамидалары қайта бас көтерді

459 рет
көрсетілді

Ұрлық-зорлықсыз-ақ халықтың адал нәпақасын еншілеп алатын бір топ болса, бұл – қаржы пирамидасының өкілдері. Осыған дейін қаншама пирамиданың жолы кесілді, бірақ тау­сылар түрі көрінбейді. Аз уақыт бой тасалап, қайта бас көтереді. Олардың ә дегенде алаяқ екенін аңғару да қиын. Бағалы қағаз сатамыз, инвесторлыққа үйретеміз, зергерлік бұйым, криптовалюта саудалаймыз, туристік жолдама ұйымдастырамыз, түрлі тауар мен қызмет ұсынамыз деп бас айналдырады. Әрі осының бәрі заңды екеніне де сендіреді.

Кез келген қаржы пирамидасының бас­ты ерекшелігі – өте жоғары кіріс­тілік пен салынған ақшаны жылдам қай­тарамыз деп уәде беруі. Қаржысы мол азаматты өз тарапына шығару үшін түрлі бонус пен жеңілдік ойлап табады, тіпті тікелей төлем де ұсынады. «Егер сіз тағы екі салымшы әкелсеңіз, кірістілік айына 20 емес, 30 пайыз болады», деп уәде береді. Бұл ретте олар салымшы кірістіліктің шынымен жоғары екендігіне және ең бастысы төленетініне сенуі үшін бастапқы жарна ретінде аз мөлшерде қаражат салуды ұсынады.

ыту агенттігі мамандарының айтуынша, пирамиданың өмірлік циклы бірнеше ай ғана екенін ескерген жөн. Осы уақыт ішін­де әлеуметтік желі мен мес­сенд­жерлердегі белсенді және «мін­­деттеп танылатын» жарна­ма­ның көмегімен ұйымдастыру­шы­­лар сенімді салымшылар­дан мүм­кіндігінше көп қара­жат жи­науға тырысады. Қиын сәт бас­талған кезде, яғни жаңа са­лым­­шылардың ағыны алдың­ғы­­­ларды ұстау шығыстарын өте­меген кезде, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар табанын жалтыратады. Сондықтан неғұрлым ұзақ уақыт сарп етіп, көп ақша салсаңыз, қаражатты жоғалту қаупі де соғұрлым жоғары болады.

Олар көбіне өзін кон­сал­тинг­тік яки инвестиция­лық ком­пания деп таныстырады. Қаншалықты мол қаржы құй­саңыз, соншалықты орасан табысқа кенелесіз деп арбайды.

«Заманауи қаржы нары­ғын­да бірде-бір құрал жоғары кіріс­тілік, оның үстіне кепіл­ден­ді­ріл­ген кірістілік көрсетпейді. Мұн­дағы ірі табыс жоғары құ­был­­ма­лылық пен жоғары дәре­же­дегі тәуекелмен тікелей бай­ла­нысты. Бұл жөнінде бар­лық рес­ми брокерлер бірден ескер­те­ді. Айтпақшы, ресми бро­кердің аген­т­тік берген ли­цензиясы болу­­ға тиіс. Қар­жы пирамидала­ры қаржы ұйым­дарына жатпайды және қаржы реттеушісі тара­пы­­нан бақыланбайды. Демек ре­т­­тел­­мейтін ұйымға ақша салу ақ­­ша­­ңыздан толық айырылу қау­пін тудырады. Егер сіз ақ­ша­­­ңызды сеніп тапсырғыңыз ке­­­ле­­тін ұйым агенттіктің ли­цен­­­­зия­сына ие болса, онда сіз біз­­­ге шағыммен жүгіне аласыз, бі­рақ қаржылық пирамидалар жағ­дайында сіздің ақшаңыз­дың сақ­талуына ешкім кепілдік бере алмайды. Ұйымдардың ли­цен­­зия­­­сының бар-жоғын агент­тік­тің рес­­ми сайтында тек­серу қажет» де­­лі­не­ді аген­т­тік хабарламасында.

Қаржы пирамидасының жайламайтын саласы жоқ. Олар сақ­тандыру секторы, жылжымай­тын мүлік және Форекс-нарығы, қыл аяғы косметика мен сағат сату бойынша да жар­нама жасайды, әйтеуір өз істерін бүркемелеудің алуан түрлі әдісін табады.

«Алаяқтар өз са­лым­­шы­лары­­ның табыс тари­хын көрсете отырып және қысқа уақыт ішінде өзі­ңізге қалаған нәр­­сеңізді ала ала­сыз деп уәде бере отырып, «ал­дап соғу­ды» өте жақсы көреді. Бі­рақ сіз алаяқ­тардың басты көз­де­гені сіздің табы­сыңыз емес, өз мақ­сат­­тары­на қол жет­кізу еке­нін тү­сі­нуі­ңіз керек. Сон­дық­тан кез кел­ген са­лым­нан бұрын барлық ақ­па­рат­ты сыни тұрғыдан қарап, оларға мүм­кін­дігінше көп сұрақ қою өте ма­ңызды» дейді сарапшылар.

Осы ретте агенттік алаяқ­тар­ға алданбас үшін жеті тексеру тәсілін ұсынады.

Біріншісі – компания беде­лі мен ақпаратты тексеру. Де­позиттерді тартуға құқы­ғы бар барлық қаржы ұйым­дарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген қаржы реттеушісінің лицензиясы болуға тиіс. Егер қаржы пирамидасымен байланысып тұрғаныңыз туралы күдік пайда болса, дереу құқық қорғау органдарына және қаржы реттеушісіне жүгінуіңіз қажет.

Екіншісі – компания мәлі­меттерін сұрату. Әрине, олар торға келіп топ ете қалар «құр­бандары» үшін түрлі схе­ма мен есеп-қисап даярлап қояды. Сондықтан әуел бас­та ком­па­нияның қайда тіркел­ге­нін, бас­шылық туралы мәлімет құпия ма, жоқ па, соны анықтау керек. Егер компания белгілі бір офф­шор­лық аймақта тір­кел­­ген болса, онда оған өз жи­нақ­тарыңызды орналастыр­мас бұрын ойлану керек. Ком­панияны оффшорлық аймақ­тарда тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, ал шынайы иесінің атын немесе осы құры­лымның басында кім тұрғанын білу – өте қиын.

Сондықтан міндетті түрде ком­панияның барлық жар­ғылық жә­не құрылтай құжат­тарын сұ­ра­­ңыз. Ең алдымен, компания лицензия алған ба, қандай нор­­ма­­тивтік және рұқсат беру құ­жат­­тары негізінде өз қызметін жү­зе­­ге асыратынын біліңіз. Сон­дай-ақ оның неден және қанша тауып отырғанын түсіну үшін ком­­па­­нияның есебімен танысқан жақсы.

Үшіншісі – жоғары инвес­ти­­ция­лық кірісті уәде ететін ком­па­ниядан қашу. Алаяқтар пси­хологияны жақсы біледі және адамның жылдам әрі оңай байып кетсем дейтін қара­­пайым қалауын пайдаланады. Сондықтан пирамидалар жыл­дық 20, 50, 100 пайыз кіріс­ті­лік­ті уәде етеді, өйткені бұл уәде­ні орындау ойларында жоқ. Ком­пания қызметінің ерек­ше­лігі түсініксіз болса, салым жа­сау­ды қоя тұрыңыз. Ақшаны қай­тару­дағы нақты механизмнің бол­мауы да ойландыруға тиіс.

Мысалы, сізге қаражат белгілі бір сомаға жеткеннен кейін ғана қайтарылады десе. Сіз­дің сал­ған қаражатыңызды бас­қаруға және қажет болған жағ­дайда алуға мүмкіндігіңіз болуы керек. Мұндай мәлі­мет­тер әдетте шартта жазыла­ды. Құжат­қа қол қоймас бұрын онымен мұқият танысып, түсініксіз тар­мақ­тар болған жағ­дайда, маман­дармен кеңескен жөн. Шақы­ру жарнамасы жоғары пайыз­бен салым жасауға себеп емес, уәделердің орындалуына күмәндануға себеп.

Төртіншісі – жаңа салымшы әкел­геніңіз үшін сыйақы береміз десе, бас тартыңыз. Бұл қаржы пи­ра­мидасына тартудың нақты белгісі.

Бесіншісі – компания қарыз шартын ұсынса күмәнданыңыз. Әдетте, мұндай қарыз шарты әртүрлі дәлсіздіктермен және ес­кер­тулермен жасалады, осылай­ша, келісімшарт жасас­­қан компания «сүттен ақ, судан таза» бо­лып шығуы мүм­кін. Сон­дық­­тан қаржылық қызмет­тер­­­ді тұтынушылар шарттың талап­­­тарымен мұқият танысып, түсі­нік­­сіз позициялар болған жағ­дай­да, тәуекелге бар­мауы және олар­ға өз ақшаларын бер­меуі қажет.

Алтыншысы – корпора­тив­тік іс-шара, түрлі жүлде, сый­лық, жолдама, ұтыс ойындарына қатысуға шақырады. Ондай­да сөзге келместен бас тартқан жөн. Бұл – пирамидаларға жаңа салымшыларды тартудың ең танымал әдісінің бірі. Осылайша, бір жағынан «табысты және пайдалы компания» бейнесі қалыптасады. Екінші жағынан, күмәнданған қатысушыларда «корпоративтік рух» нығаяды, бұл оларға заңды мәреге – күй­реу­ге қарай бет алған пира­ми­­­да­­дан кетуге мүмкіндік бермейді.

Жетінші тәсіл – компания ақша­ны қалай қабылдайтынына назар аударыңыз. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақша қабылдайды, не ком­па­нияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын және өз қызметінің сенімді бухгал­терлік есептілігін қолдан­бай, онлайн-төлемдер мен аударым­дардың түрлі жүйелерін пайдаланады.