ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022-жылғы 2-ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.