• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2014

Еліміз командасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысады

342 рет
көрсетілді

Ертең, 19 наурыз күні Польшада шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы сұрыптау сыны басталады. Оған Қазақстан құрама командасы да қатысады. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы хабарлады. Аталған чемпионат әлемдік доданың үшінші деңгейдегі жарысы. Осы топта біздің елден басқа тағы төрт құрама команда қатысады екен. Олардың бәрі бірінші дивизион жолдамасына таласады. Бұл сында Қазақстан құрамасымен Австрия, Италия, Польша және Қытай спортшылары күш сынасады. Енді Қазақстан командасының ойындарына келсек, ертең, яғни 19 наурызда біздің құрама алғашқы матчын Польша хоккейшілеріне қарсы өткізеді. Одан кейін 20 наурыз күні қыздарымыз Австрия бойжеткендерімен ойнаса, 22 наурызда Италия командасымен күш сынасады. Ал 23 наурыз күні Қазақстан мен Қытай қыздары мұз айдынына шығады. 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар командасы мына құрамда әлем чемпионатына  қатысады: Қақпашылар – Татьяна Можаева, Диана Ткаченко. Қорғаушылар – Мадина Тұрсынова, Софья Кузнецова, Ева Богдашова, Лейла Морозова, Марина Попова, Александра Феклистова Шабуылшылар – Пернеш Әшімова, Аида Олжабаева, Малика Алдабергенова, Валерия Сидоренко, Әлия Қалиула, Карина Фельзинк Надежда Филимонова, Татьяна Лихаус ,Эльвира Рамазанова, Валерия Каменская, Ксения Бушуева. Бас жаттықтырушы – Сергей Соловьев, жаттықтырушы – Ирина Могильникова. Дастан Кенжалин. Дереккөз: www. Icehockey.kz Фото: www. Icehockey.kz