• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2014

Іздеу тоқтаған жоқ

313 рет
көрсетілді

Алматы облысының Есік қаласында екі оқушы 20 күннен астам уақыттан бері ұшты-күйлі жоқ. Ақпанның 28-інде үйлерінен шығып кеткен олар сол бойы қайтып оралмаған. Міне, содан бері аталмыш қаланың тұрғындары Айгүл Жахатайқызы мен Пердегүл Қунақова 15 жасар Дәулет Дәукен және Тынышбек Абатовты іздестіруде. Балалардың біріншісі Мәдениет үйінде аудандағы мектептер арасында өтетін «Көңілді тапқырлар клубы» ойынына кеткеннен із-түзсіз жоғалған.  Ал екіншісі мектепке 200 теңгемен кеткеннен кері қайтпаған. Екі шәкірт оқитын мектептен де қазір береке кеткен. Ұстаздар 9-сынып оқушыларын күндіз-түні іздеп, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Дәулет Дәукен мен Тынышбек Абатовпен сол күні Алматыға бірге барған үш оқушыдан ақпарат алу үшін психологтар да жұмыс істеген. Әзірге олар мардымды ештеңе айтпапты. Сондықтан жасөспірімдердің үйден неліктен қашқаны мұғалімдерге де жұмбақ. Мектеп басшысының айтуынша, ата-ананың екі күн жасырғанына орай бір жағдай болды деген болжам бар. Аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлері де жасөспірімдерді іздеуді тоқтатқан жоқ. Тәртіп сақшылары Есік, Талғар және Алматы қалаларын түгел шарлаған. Әзірге белгілісі, екі жеткіншек мекен-жайы мен телефон нөмірлерін жиі ауыстырып, тәртіп сақшыларынан ізін жасырып жүрген көрінеді. Құрыш НҰРЫМБЕТ.