• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Ақпан, 2022

Абылай Мырзахметов цифрлы жобаны енгізуге шенеунік­тер­дің қарсы екенін айтты

338 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаңтар қасіреті» көп жай­дың бетін ашты. Көшеге шық­қан да, күнін көре алмай отыр­ған да, нарыққа ілесе алмай жүр­ген де, билікке үн қатқан да, ашын­ған да, жылаған да – қазақ, өзі­міз­­дің ағайын, өзіміздің бауыр. Сон­дық­тан дәл қазір менің азамат ретін­дегі, «Атамекеннің» басшысы ретін­дегі міндетім – цифр­лы сервисті ауыл­ға жет­кізу. Өкініш­ке қарай, шенеунік­тер­дің бұған жол беретін түрі жоқ. Кедергі келті­ріп отыр», деді Абылай Мырзахметов.

Цифр­­лы жоба осы жылдың бірінші тоқ­санын­да іске асуы керек болған. Бірақ оған шенеуніктер кедергі келтірген.

«Цифрлы жобаны енгізуге «Даму», «Бәйтерек» секілді құры­лым­дар қарсы. Өзге құры­лым­дардың, мекемелердің базалары «Атамекен» ұсынып отыр­­ған қосымшаға қосылуы керек. Ал цифрлы жоба біраз дү­ние­нің бетін ашып бер­мек. Ол жер­дегі басты қағида – ашық­тық. Еш­те­ңені жасыра алмайсыз. Жал­пы, елдегі жемқорлықтың тамы­ры­на балта шабатын да дәл осы цифрлы жүйелер. Енде­ше, одан қашпауымыз керек. Биыл Үкімет басшысы ауысты. Осы­ны пайдаланып, «Даму» қоры мен «Бәйтерек» холдингі 2021 жыл­дың 29 желтоқсанында база­лар­ды өзара интеграциялау тура­лы қол қойылған келісімнің күшін жоюға тырысып бағуда. Премьер-Министрдің атына арнайы хат та жолдаған екен. Шыр-пыр болып отырғаны – жаңа жоба оларға тиімсіз», деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы.

Ол осы жағдайлар Президенттің назарына іліккенін қалайды.

«Қазір еліміз өзге­ше дамуға, өзгеруге тарихи мүм­кіндік алып отыр. Бірақ Прези­дент пен елдің арасында әкімдер мен министрлерден тұратын үл­кен аппарат барын ұмытпау керек. Кейде билік пен бұқара ара­сына алтын көпір болуға тиіс кейбір әкімдер мен министрлер көп­­тің мүддесі­не қарсы әрекет етеді. Президентке көп дүние жет­пей жатады. Өкініштісі де сол», деді ол.