• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 03 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Могулдан Юлия Галышева жарыс жолына шықпай қалды

300 рет
көрсетілді

Юлия Галышева Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада могулдан жарысқа шықпай қалды. Бұл туралы Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) сайтында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Галышеваның неліктен жарысқа қатыспағаны көрсетілмеген.

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады.

Қазақстандық атлеттер қатысқан бірінші спорт түрі фристайл-могул болды. Әйелдер біліктілігінде қазақстандықтар ішінен стартқа 17 жастағы Олеся Граур шықты.

Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, Граур 57.18 ұпай жинап, финалға тікелей жолдама алған үздік ондық қатарына қосыла алмады. Енді спортшы 6 ақпан күні екінші біліктілікте өнер көрсетеді.