• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 04 Ақпан, 2022

Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шыққандардың суреттері жарияланды

896 рет
көрсетілді

Қазақстан туын ұстап шыққан шорт-тректен Қазақстан командасының көшбашысы Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіретін Екатерина Айдова Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Сақ патшайымы Томирис пен айбынды қазақ батырының тарихи бейнесінде шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қысқы Олимпиадада ту ұстаушылардың формасы үшін негізгі ою-өрнек ретінде классикалық «қошқар мүйіз» қолданылды. Дизайнерлер Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындары кезіндегі сияқты, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен бірге ою-өрнек элементтерін жасады. Ал қысқы Олимпиадада Ту ұстаушылардың костюмдерін жасаған қазақстандық дизайнер Виолетта Иванова Бейжің ойындарына да ту ұстаушылар формасының авторы болды.

Қазақстандық атлеттердің өздері костюмдерге риза болды, бұл туралы алғашқы киім өлшеу кезінде айтқан болатын. Абзал Әжіғалиев ту ұстаушы ретінде екінші Олимпиада ойындарына қатысып жатыр.

«Біздің костюмдеріміз ерекше болып шықты, шынында да, киімде күшті энергия бар, және бұл жолы мен бұл сезімді Екатеринамен бөлісе алғаныма қуаныштымын. Өз еліңді Олимпиада ойындарында елестету өте қызық, бірақ жауапкершілік те жүктеледі. Бұл - айтып жеткізе алмайтын сезім!», деді Абзал Әжғалиев.

Үлгіден бастап соңғы тігіске дейін костюм жасау процесі үш айға созылды: 20-дан аса шебер, оның ішінде 2 дизайнер, 4 тігінші, суретші және 8 кесте тігуші қатысты. Киімнің әдемі безендірілген барлық кестесі қолмен жасалған, ішінде алтын, күміс жіптер мен моншақтар бар. 

«Костюмдердің үлгілері Олимпиаданың ашылу салтанатына дейін қатаң құпияда сақталды, сондықтан менің костюмім қандай болатыны өте қызық болды. Ерекше болатынына күмәнім болған жоқ. Бірақ бұл костюм ойлағанымнан да асып түсті! Мен ҰОК-ға және осы кереметті жасаған барлық қолөнершіге рақмет айтқым келеді. Олар бар күшін салған костюм ерекше құнды болады және бұл  маған сезіледі. Қазақстанды осындай деңгейде таныстыру мүмкіндігінен асқан ештеңе жоқ. Оны түсінемін», дейді Екатерина Айдова.

Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиада ойындарында спорттың 8 түрі бойынша жарысқа қатысатын 34 спортшы бақ сынайды.