• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Ақпан, 2022

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтынын кім еншіледі?

244 рет
көрсетілді

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында медальдардың алғашқы жиынтығы сарапқа салынды. Әйелдер арасында өткен 15 шақырымдық шаңғы жарысының жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Скиатлон тәртібі бойынша жарыста қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалін Норвегия спортшысы Тереза Йохауг жеңіп алды.

Ресейлік Наталья Непряева күміс жүлдеге ие болса, австриялық шаңғышы Тереза Штадлобер үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыгина және Валерия Тюленева өнер көрсетті. Өкінішке қарай, біздің спортшыларымыз жүлделі орыннан көріне алмады.