• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 05 Ақпан, 2022

Ақтық сынға шығып, жүлдесіз қалды

352 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшы Надежда Морозова Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиаданың 3000 метр қашықтықта конькимен жүгіру жарысының ақтық сынында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конькимен жүгіру бойынша Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова америкалық Мия Килбургпен бірге жұп болып мұз айдынына шықты. Ол әйелдер арасында 3000 метр қашықтықты 4:04.97 уақытта еңсерді. Алдыңғы екі жүгіру кезінде көрсеткен жақсы көрсеткіштеріне қарамастан Надежда жүлделі орынға жете алмады. Оның алдын 4:01.77 уақытымен жапониялық спортшы Такаги Михо орап кетті.

Осылайша, отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы ішінде 13-ші орынға тұрақтады. 

Бірақ, бұған қарамастан Надежда Қазақстанның рекордын жаңарта алды. Бұған дейін Людмила Прокашева бұл қашықтықты 4:05.01 уақытта жүгіріп шыққан болатын.