Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Балужистан провинциясында орналасқан көмір шахтасында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТАСС агенттігі хабарлағандай, төтенше жағдай салдарынан бес адам қайтыс болып, тағы бес адам зардап шекті.
Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі өңірлік басқармада оқиғаның себебі - метанның жиналуы болғанын атап өтті. Болған жағдайды тергеу мақсатында жергілікті билік шахтаны уақытша жауып тастады.
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі ауыр жағдайда.