• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 06 Ақпан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентінің сауығып кетуін тіледі

572 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайының Омикрон вирусынан тезірек сауығып кетуін тілеймін», деп жазды Мемлекет басшысы.

Жақында Ердоған мен оның жұбайы коронавирустың жаңа «омикрон» нұсқасын жұқтырғандары белгілі болды.