Могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы екінші біліктілікте тоғызыншы орын алып, жарыстың финалдық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:
Олеся Граур - 18 орын;
Аяулым Амренова - 12 орын;
Юлия Галышева - 9 орын;
Анастасия Городко - 11 орын.
Осылайша, финалға тек Галышева өтті, ал Городко сәттіліктен бір қадам артта қалды.
Айта кетсек, Анастасия – Олимпиада ойындарындағы ең жас спортшылардың бірі болып табылады, ол небәрі 16 жаста.
Бірінші финалда 20 могулшы өнер көрсетеді, екіншісінде – 12, үшінші финалда – 6, олар бір-бірімен олимпиада медальдарын ойнайды.
Бірінші финал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады. Медальдар ойналатын басты финал 18:40-қа жоспарланған.