Ертең Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның үш спортшысы ғана өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан спорттың екі түрінен, атап айтқанда: биатлоннан және конькимен жүгіру спортынан қатысады.
Төменде спортшылардың елорда уақыты бойынша өнер көрсету кестесі берілген:
14:30 конькимен жүгіру спорты. Әйелдер. 1500 метр. Финал. Екатерина Айдова, Надежда Морозова
15:00 Биатлон. Әйелдер. Жеке жарыс. 15 км. Галина Вишневская-Шепоренко.
Айта кетсек, Олимпиада 20 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапынан жарысқа 34 спортшы қатысады.