• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2022

Қазақстан климаты нашар елдердің рейтингіне енді

820 рет
көрсетілді

Қалалардың ластану деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі 115 елдің ішінде 33-орынды иеленді. Ластану индексі 73,4 құрады. Сарапшылардың пікірінше, индекс неғұрлым үлкен болса, жағдай соғұрлым нашарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еnergyprom.kz зерттеушілері нақтылағандай, Камерун, Моңғолия және Мьянма ең ластанған елдердің рейтингін ашты.

Финляндия 12,1 индексімен тізімді жабады, бұл әлемдегі ең жақсы көрсеткіш.

«Рейтингке қатысатын ТМД елдері арасында Әзербайжандағы жағдай Қазақстанға қарағанда нашар. Молдова, Украина, Ресей, Армения және Беларусия көрсеткіштері жақсы», делінген зерттеуде.

Сарапшылар 2021 жылдың он екі айының қорытындысы бойынша Қазақстанның қоршаған ортасын қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар 4,3%-ға (163,9 млрд теңгеге дейін) өскенін түсіндірді.

Сектордағы күрделі инвестициялардың ең көп көлемі Жамбыл облысында байқалды. Ең кішісі - Алматы облысында.