ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурсын тиімді пайдалану, жайылым, егін жерлерінің үлесін анықтау, егін алқабына пайдаланылатын жердің сулық үлесін арттыру, олардың тозуы мен шөлейттенуіне қарсы 96 миллион жерге зерттеу жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Ведомство жүйелі негізде жерге топырақтық және геоботаникалық зерттеу жүргізеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін 33 млн га алаңда ауқымды топырақ зерттеулері, 33 млн га алаңда геоботаникалық зерттеулер және 30 млн га алаңда топырақ бонитировкасы жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар қарашіріктің, жалпы фосфор мен азоттың, калий мен фосфордың жылжымалы қосылыстарының құрамын, қышқылдығын немесе сілтілігін, сортаңдануын, карбонаттығын, тұздануын және топырақтың механикалық құрамын (жер құнарлылығының көрсеткіштері) анықтауға мүмкіндік берді, оларды білу ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде қажет.
Деректер негізінде арнайы аттестатталған зертханаларда жүргізілетін мұқият талдаулар негізінде әзірленген жерді ұтымды пайдалану үшін қажетті ұсынымдар қалыптастырылды.
Жерді ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қамтылған түсіндірме жазбалары бар барлық материалдар мен деректер одан әрі пайдалану үшін тұрақты негізде облыстық және аудандық әкімдіктердің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына беріледі.