• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 07 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Екатерина Айдова 1500 метр қашықтықта сынға түсті

263 рет
көрсетілді

Бүгін Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында конькишілердің кезекті жарыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта әйелдер арасындағы бәсекелер өтіп жатыр. Аталған спорт түрінен Екатерина Айдова, Надежда Морозова ел намысын қорғайды. Қазақстан атынан сынға түскен Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1:59.01 секундта жүгіріп өтіп, әзірге алтыншы орында келеді.

Ал Надежда Морозова әлі жарыс жолына шыққан жоқ.

Сондай-ақ 13 ақпанда Айдова 500 метр қашықтықта, ал 17-сі күні 1000 метр қашықтықта өнер көрсетеді.