• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Ақпан, 2022

ҚФФ президенті лауазымына үміткерлер анықталды

489 рет
көрсетілді

7 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) сайлау конференциясына үміткерлерді тіркеу аяқталды. Ол елорда уақытымен 18.30-да тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.

28 ақпанда өтетін конференцияда жұмыс мәселелерін талқылаумен қатар, ҚФФ президенті сайланады.

Өңірлік федерациялардан Олжас Абраев, Әділет Барменқұлов, Давид Лория, Берік Қаниев және Қайрат Оразбеков өз кандидатурасын ұсынған.

Сондай-ақ, ҚФФ-ның қазіргі басшысы Әділбек Жақсыбеков те бұл лауазымға қайта сайлану туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Әділ Барменқұлов Қарағандының «Шахтер» футбол клубында жұмыс істеді. Сонымен қатар ол федерацияның атқару комитеті құрамына кіреді.

Олжас Абраев Қазақстанның кәсіби футбол лигасын басқарады және ҚФФ вице-президенті.

Давид Лория бұған дейін ФК «Астананың» бас директоры болды. Сонымен қатар, елордалық футбол федерациясын басқарды.

Берік Қаниев - қазақстандық футболда танымал меценат, «Жас Қыран» клубының және академияның, стадионның иесі.

Қайрат Оразбеков ұзақ уақыт бойы «Қайраттың» президенті болды. Сондай-ақ, Абраев, Қаниевпен бірге атқару комитеті құрамына кіреді.