• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Ақпан, 2022

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы күшейтіледі

935 рет
көрсетілді

Қазақстанда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі мен құқықтық қорғалу дәрежесі артады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құқық қорғау саласында «қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидатын іске асыру бойынша жұмыс жалғасады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі мен құқықтық қорғалу дәрежесі артатын болады», деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ оның айтуынша, азаматтық қорғау органдарын өрт, жедел-құтқару және мамандандырылған техника мен жабдықтармен жарақтандыру күшейтіледі. Жаңадан құрылатын өртке қарсы инфрақұрылым объектілері мен суда құтқару станцияларының штат саны ұлғаяды.

«Халықты табиғи төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету үшін қорғаныс құрылыстары мен сел ұстайтын бөгеттер салынады, сондай-ақ өзен арналарын тазарту көзделеді», деп қосты Әлихан Смайылов.