• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 08 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Александр Мухин мен Владислав Киреев жеңіс тұғырынан көріне алмады

220 рет
көрсетілді

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы биатлоннан жекелей жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған сында ел намысын Александр Мухин мен Владислав Киреев қорғады. Нәтижесінде Киреев (+3:41.8) 25-орынға ие болса, Мухин (+6:13.0) 52-ші орыннан көрінді. Аталған сында бас жүлдені франциялық Квентин Фийон Майле жеңіп алды.

Екінші орынға Беларусь спортшысы Антон Смольский табан тіреді. Ал «қоланы» норвегиялық Йоханес Бе қанжығасына байлады.

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындарында спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. XXIV қысқы ойындарға Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысуда. Олар 87 жолдама жеңіп алды.

Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл, акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсуде.