ҚР Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы өкімімен ҚР Үкіметі жанынан отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандық кәсіпкерлер кеңесіне келесі тұлғалар кірді:
ҚР Премьер-Министрі, төраға; ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Премьер-Министрдің орынбасары-ҚР сауда және интеграция министрі, төрағаның орынбасары; ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы; ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары; Барлық министрлер, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.Сондай-ақ, кеңеске:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының; «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің; «Атамекен» ҰКП; «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығының; Қазақстан құс өсірушілер одағының; Қазақстан сүт одағының басшылары кірді.Кеңестің міндеттері:
1) Мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу:
ҚР әлеуметтік-экономикалық даму; Кәсіпкерлік мәселелері бойынша ҚР заңнамасын жетілдіру; Нарықтық экономиканы дамытуды және ел экономикасына отандық инвестицияларды тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау; Іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалау және жақсарту.2) Кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.
Өкім мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.