ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылға жоспарланған перспективалық қорғаныс жобалары туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
2022 жылы отандық қорғаныс кәсіпорындары келесі жобалар бойынша жұмысты бастауды жоспарлап отыр:
«№405 авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру; «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС базасында Airbus ұшақтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық құру; «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру; «Тыныс» АҚ, «Алма МҮ» және «Милитарм» ЖШС базасында радиациялық және химиялық қорғау құралдарын өндіру; «Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту; «Steelmanufacturing» ЖШС базасында автоматты оқ-дәрілер өндірісі; «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС базасында «Барыс 8х8» броньды дөңгелекті машиналар өндірісі; «Тыныс» АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісі.Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруды талап етті. Мемлекет басшысы бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жарақтандырылуын жаңарту, қару-жарақ паркін толықтыру және басқалары бар.