• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 09 Ақпан, 2022

Қазақстан мен Өзбекстан су мәселелерін талқылады

543 рет
көрсетілді

Бүгін Ташкентте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту бойынша бірлескен шаралар талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қою мәселелері талқыланды.

Тараптар келісім жобасын келісу бойынша рәсімдерді жеделдету ниетін растады. Сондай-ақ, екі елдің Премьер-Министрлері деңгейінде су қатынастары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екі жақты комиссия құру мәселелері қаралды.

Қос елдің Экология минситрлері Орталық Азия су-энергетикалық консорциумын құру және ГЭС құрылысына қатысу мәселелері бойынша консультациялар өткізді.

Талқылау қорытындысы бойынша Шардара су қоймасына су ағынын ұлғайту және мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы суды тұрақты беру бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.