• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2014

Жылқы туралы жыр

2810 рет
көрсетілді

Жылқы десе, тұратұғын елеңдеп, Жылқыжанды қазақ жайлы өлең көп. «Ер қанаты – ат» дегенді пір тұтып, Ес білгеннен жылқы қамын келем жеп.   Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Бір-бірінен озғысы кеп жұлқынар. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демей ме? Ойға алсам-ақ, жүрегіме жыр тұнар.   Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Көңілімде киемменен бір тұрар. Соғым іздеп сабылғанда жұрт мына, Шыбын жаным тағат таппай шырқырар.   Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Ене десе құлын-тайы шұрқырар. Күлдір-күлдір кісінейді – не дейді? Мүмкін бізге айтылған бұл мұң шығар...   Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Іштерінде дүлдүлдер бар біртуар. Жылқыменен біздің халық ұқсас қой, Көшелісі және шағын тұрқы бар...   Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Шауып өтсе, дала шаңы  бұрқырар. ...Біз сияқты жылқымінез халықты Биылғы жыл жарылқайтын жыл шығар!!! Айтқали  НӘРІКОВ. Орал.
Соңғы жаңалықтар