• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2022

Шетелден жұмыс күшін тартуға арналған квота қысқарды

1481 рет
көрсетілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 16% - ға дейін қысқартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл елімізде тапшылығы сезілетін мамандық пен бейінді мамандардан басқа кәсіптердің барлық санаттарына қатысты.

«Квотаны бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық 4 ақпанда қабылданды, оған сәйкес жергілікті атқарушы органдар үшін республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2022 жылға арналған квота 28 352-ден 23 560 бірлікке – 4 792 бірлікке (16%) қысқартылды.

Нәтижесінде 2022 жылы шетелден жұмыс күшін тартуға квота мынадай түрде 4 санатқа бөлінді: бірінші санат бойынша 1 243 жұмыс күшін тартуға (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 жұмыс күшін әкелуге рұқсат берілелі (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 312 адам тартылуы мүмкін.