Спорт 10 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Ирандық спортшыдан допинг анықталды

279 рет
көрсетілді

Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы оң допинг-сынама табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық допинг тестілеу агенттігі хабардар еткендей, ирандық тау шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің допинг-тесті оң нәтиже көрсетті. Спортшы дегидрометил-тестостерон метаболиттерін қолданды деген күдікке ілінді.

Айта кетсек, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Хуссейн Савех-Шемшаки Иран құрамасының туын ұстап шыққан болатын.

Енді спортшы жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді.