Ұлыбританияда қарапайым слесарь «Euromillions» лотореясынан 107,9 млн. фунт стерлинг көлеміндегі джек-потты ұтып алды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Ұйымдастырушылар жеңімпаздың ұтысты алып кетуге келгенін және жақында оны отандастарына хабарлайтынын жеткізді. Әзірге ұтыс иегерінің аты-жөні аталмай отыр.
Бұл Ұлыбританияда 2014 жылдың басынан бергі ең қомақты ұтыс болып отыр. Оның иегері «Euromillions» жеңімпаздрының ішіндегі ең бай адамдар тізімінің төртінші орнына тұрақтады. Ал бірінші орынды 2011 жылдың шілде айында 161 млн. фунт стерлингті ұтып алған ағайынды Колин мен Крис Уйэрлер иеленген болатын.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru.
Фото: AFP.