• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 11 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Медальдар кестесінде Германия көш бастады

336 рет
көрсетілді

Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының 6-шы күні мәресіне жетіп, қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары барысында ғаламның әр тұсынан жиналған спортшылар өздерінің мықтылығын дәлелдеп қана қоймай, кейбір спорт түрлерінен рекордтар орнатуда.

Медальдар кестесі күн сайын жаңаруда. Қоржындарын медальмен толықтырып жатқан мемлекеттер саны да көбейіп келеді.

Соңғы екі күннен бері Германия алтын медальдар бойынша тізімде көш бастап тұр. Германия спортшылары 6 алтын, 3 күміс жүлде иеленді.

Екінші орынға 5 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль еншілеген Норвегия құрамасы жайғасты.

Үштікті кеше ғана жалпы есепте 6-шы орында тұрған Австрия құрамасы жапты.

Медальдар көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Германия - 6 алтын, 3 күміс;

2. Норвегия - 5 алтын, 3 күміс, 4 қола;

3. Австрия - 4 алтын, 5 күміс, 4 қола;

4. АҚШ - 4 алтын, 5 күміс, 1 қола;

5. Нидерланды - 4 алтын, 3 күміс, 1 қола;

6. Швесия - 4 алтын, 1 күміс, 2 қола;

7. Қытай - 3 алтын, 3 күміс;

8. Италия - 2 алтын, 4 күміс, 2 қола;

9. Ресей - 2 алтын, 3 күміс, 6 қола;

10. Словения - 2 алтын, 1 күміс, 2 қола.

Өкінішке қарай, Қазақстан қоржынына бір де бір медаль түскен жоқ.