• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2022

Бекіреге белгі қойды

333 рет
көрсетілді

Ақтау қаласын көркейту – күн тәртібіндегі мәселе. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтары көп серуендейтін теңіз жағалауынан әртүрлі нысандар ашу жұмыстары жүр­гізіліп келеді. Жуырда демеушілік қаражат есебінен жеке кәсіпкер MasterMind командасының күшімен жағалауға «Бекіре» кіші архитектуралық нысаны орнатылды.

Нысанның ұзындығы 13 метрді, биіктігі 1,9 метрді құ­райды. Бекіренің жақ­тауы металдан, сыртқы бөлігі өз технологиясына сәйкес арма­тураланған шыны матаны қолдана отырып жасалған. Дизайн полиэфир шайырымен қорғалған, көркем кескіндеме майлы бояумен жасалған және арнайы лакпен қорғалған.

Теңіз жағалауына бекіре инсталляциясының идея авторлары орналас­тырылу себебін бұл балық тү­рінің дүние жүзіндегі жал­пы көлемінің 80%-дан астамы ХХ ғасырдың бірінші жартысында Каспий аумағын мекендегендігімен түсіндіреді. Қазір бұл түр шек­тен тыс өнеркәсіптік ау­лау салдарынан жойылу алдында тұр. 2001 жылы Каспий алабындағы төрт ел – Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Түрікменстан бекіре тұ­қымдас балықтарды аулау­ға уақытша мораторий қа­былдады. Мораторий Бірік­кен Ұлттар Ұйымының ұсы­нымымен жойылу қаупі төн­ген түрлердің халықаралық саудасы туралы Конвенция негізінде енгізілген.

Көптүсті мүсін нақышында жасалған және көркем кес­кіндемемен безендірілген бұл инсталляция бірегей жануарлар әлеміне қамқорлықпен қараудың маңыздылығының нышаны ретінде орнатылды.

 

Маңғыстау облысы