Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп жазады Egemen.kz.
«460 млн доллардан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалып, екі дау бойынша 530 млн доллар елге қайтарылды», деді вице-министр.
Айтуынша, Әділет министрлігі тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға 8 мыңнан астам куәлік, ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне 12 мыңнан астам қорғау құжаты берілген.
«2021 жылға арналған республикалық бюджеттен министрлікке 53 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді», деді Азамат Әмірғалиев.