«Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында 85 адам тергеу изоляторынан шығаылғанын баяндады, деп жазады Egemen.kz.
«Аманат» комиссиясы ҚР Бас прокуратурамен бірлесіп жұмыс істейді. Комиссияның өзгелерден айырмашылығы екі өкілеттік ие.
Бірі - тергеу изоляторларына кіріп, олардың жатқан жағдайын тексеру;
Екіншісі - азаматтарға қылмыстық іс материалдармен танысу;
«Комиссия еліміздің 6 өңірінде жұмыс істеп жатыр. Нәтижесінде Алматыда - 68 адам, Алматы облысында - 9 адам, Шымкентте 8 адамды қамауда ұстау бұлтартпау шарасы өзгертілігіп, олар ботандыққа шықты. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласында 24 адам, Шымкентте тағы 5 адам босатылатын болады», деді Абзал Құспан.