Бақтияр Артаев ҚР Бокс федерациясының вице-президенттігінен және мемлекеттік жаттықтырушы қызметінен кетті. Ақпаратты боксшының өзі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қызметтен кетіп жатқанымды растаймын. Бірақ себебі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын», деді спорт менеджері.
Айта кетейік, Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев соңғы бір жарым жыл Қазақстан бокс құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.