15 ақпанда Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Олимпиадада екі ойын түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шыңғыс Рақпаров шаңғы қоссайысынан жарыс жолына шығады. Алдымен қазақстандық үлкен трамплинде өнер көрсетеді. Бұл жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады. Содан кейін ол он шақырым болатын жарысқа қатысады (17:00). Екі жарысты да Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.
Шаңғы акробатикасынан фристайлшы Шерзод Хаширбаев бақ сынайды. Жарыс 15:00-де басталады, трансляцияны «Хабар» телеарнасынан тамашалауға болады.