• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2010

ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАДЫ

616 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Жұмағалиев Президентке отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілеттілігін арт­тыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асы­ру барысы және қазақстандық интер­нет-ресурстарының дамуы туралы баян­дады. Кездесудің барысында сондай-ақ Қазақстанда цифрлық телеви­зия­ны енгізу мәселесі талқы­лан­ды. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыруға ағымдағы жылдың соңы­на дейін кірісу жоспарлануда. Президент министрліктің басшы­лы­ғына отандық ақпарат­тық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мә­се­лесіне ерекше бақылау жасауды тап­сыр­ды, – деді журналистерге арнал­ған бри­фингте А. Жұмағалиев.