2022 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавл және Өскемен қалаларында Интернет-дүкендер көмегімен синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар бес азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Заңсыз айналымнан 2 кг астам мефедрон, «α-PVP» психотроптық заттары және 600 гр «Спайс» шегу қоспасы алынды», деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.