• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Ақпан, 2022

Петропавлда 159 адамға рақымшылық жасалды

289 рет
көрсетілді

Петропавлда пробация қызметінің есебінде тұрған 159 адамға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» №81-VII Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Рақымшылық – бұл гуманизм актісі, заңды бұзған азаматтарға қатысты мемлекеттің ізгі ниетінің көрінісі. Рақымшылық – жасалған әрекеттің ауырлығын ескере отырып, ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, I, II топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға қатысты сараланып қолданылады.

Террористік және экстремистік қылмыстар жасаған сотталғандар рақымшылық жасауға жатпайды.

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 405 сотталғанға рақымшылық жасау қолданылды, оның ішінде СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған 159 адамға рақымшылық жасалды (толық босатылған – 59, негізгі жаза мерзімі қысқартылған – 100).

Қазіргі уақытта Петропавл қалалық пробация қызметкерлері рақымшылық бойынша 51 адамды есептен шығарды, 64 сотталғанға мерзімдерін қысқартты.

Алдағы уақытта СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Петропавл қалалық ПҚБ қызметкерлері осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.