• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Ақпан, 2022

Мемлекеттік қызметтер порталы 19 мыңнан астам адамға көмек көрсетті

634 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 15,5 мың мүгедек адам оңалтудың техникалық құралдарын, 1,3 мыңы – ымдау тілі қызметін, 2,8 мыңы – жеке көмекшінің қызметін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ, портал арқылы кепілдендірілген әлеуметтік топтамаларға 234 тапсырыс рәсімделді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлағандай, портал ерекше қажеттіліктері бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

«Көмек түріне тапсырыс беру өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген ОТҚ-ны жеткізу немесе өздігінен алып кету арқылы алуға болады. Мүгедек адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды», делінген ведомство хабарламасында. 

Ведомствоның мәліметінше, порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 799 медициналық-әлеуметтік мекеме бар, 157 ОТҚ жеткізушісі, 16 мыңнан астам жеке көмекші қызметін, 289 ымдау тілін, 83 санаторий-курорттық емдеуді жеткізуші және 135 шок жеткізушісі тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспар шеңберінде көзделген.